Қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды

1054

 5 алтын, 2 күміс, 2 қоламен Қазақстан 1-орында тұр.

Қазақ күресінен Азия чемпионаты аяқталды

Астанада "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды elorda.info.

Жарысқа Қазақстан, Тәжікстан, Индия, Пәкістан, Монғолия, Шри-Ланка, Қырғызстан, Түркіменстан, Иран, Жапония, Өзбекстан елдерінен 80-ге жуық спортшы 8 салмақ және абсолюттік салмақта бақ сынады. Қазақстан, Тәжікстан, Индия, Моңғолия, Өзбекстан құрамалары толық құрамда, яғни барлық салмақта да белдесті.

Сондай-ақ, чемпионатта еліміздің төрешілерімен қатар, Тәжікстан, Грузия, Украина, Литва, Өзбекстан мемлекетінің төрешілері де қазылық жасады.

Азия чемпионатының қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 5 алтын, 2 күміс, 2 қоламен Қазақстан 1-орынды, 3 алтын, 3 күміс, 3 қоламен Монғолия 2-орынды, 1 алтын, 2 қоламен Түркіменстан 3-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу