Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

865

Астанада өтетін қазақ күресінен Азия чемпионатына 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық палуан қатысады. 

Қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді

6 тамыз күні сағат 12:00-де Астана қаласы "Дәулет" спорт кешенінде қазақ күресінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Қазақтың ұлттық спорт түрі саналатын қазақ күресінен жарысқа 10-нан астам мемлекеттен 80-ге жуық палуан қатысады деп күтілуде. Бүгінгі таңда Жапония, Өзбекстан, Тәжікістан мен Моңғолия елдерінің мықты спортшылары чемпионатқа қатысатындығын растады. Сонымен қатар, Иран, Пәкістан, Үндістан елдері де өз балуандарын дайындауда.

"Халықаралық қазақ күресі федерациясының негізгі мақсаты спортшылар мен қызығушылардың басын біріктіру, қазақ күресінің тек біздің елде ғана емес, шетелдерде де дамуына үлес қосу, үздік спорттық жетістіктерге жетуге ықпал ету. Бір жылдың ішінде біз халықаралық қазақ күресі чемпионатын өткізіп үлгердік. Оған 40 мемлекеттің спортшылары қатысты. Жуырда ғана Грузия елінің Батуми қаласында қазақ күресінен Еуропа чемпионатын ұйымдастырдық. Оған қатысушылар Еуропаның 24 мемлекетінен келді. Алдағы уақытта, яғни 26 тамыз күні Астана қаласында Азия чемпионаты өтеді", - деді Халықаралық қазақ күресі федерациясының бас хатшы кеңесшісі Ұлан Рысқұл.

Жарыс 9 салмақтық категорияда және абсолюттік салмақта өтеді.

Жалпы, қазақ күресі ертеден келе жатқан әрі бүгінгі заманауиҚазақстанда одан әрі дамып жатқан спорт түрі. 2016 жылдан бері ЮНЕСКО оның материалдық емес мәдени мұра қатарына енгізді.

Іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары "Халықаралық қазақ күресі федерациясы". Қала тұрғындары мен қонақтарына кіру тегін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу