Қазақ күресінен әлем чемпионатына 167 балуан қатысады

1188

 Қазақ күресінен әлем чемпионатына 167 балуан қатысады

Астанада 27-29 қазан аралығында қазақ күресінен өтетін әлем чемпионатына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 мемлекеттің спортшысы қатысады. Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Австралия, Үндістан, Литва, Ресей, Бельгия, Камерун бастаған елдердің ең таңдаулы балуандары бар, деп хабарлайды inform.kz.

Осы әлем біріншілігінде еліміздің намысын 55 келі салмақта  Марат Нығматуллаев, 60 келі салмақта Қуаныш Ысқақов қорғайтын болады. Ал 66 келі салмақта Қасымхан Төленбай боз кілемге шықса, 74 келі салмақта Ғалымжан Әбдірахманов белдеседі. 82 келі салмақта Ерсұлтан Мұзафаровқа үміт артсақ, 90 келіде Әділжан Ыстыбаев күрес алаңына шығатын болады. 100 келі салмақта Александр Косачев сынға түссе, аса ауыр салмақта осыған бір ай бұрын "Әлем Барысы" атағын жеңіп алған Айбек Нұғымаров белдеседі. Ал абсолютты чемпион атағына Айбат Сейтен таласатын болады.

Жалпы төл спортымыздан өткелі отырған додаға 40 мемлекеттен 167 балуан келеді. Жарыста 30 төреші қазылық етеді. Оның 9-ы шетелден.

Айта кетейік, чемпионат 8 салмақ дәрежесі және абсолюттік дәреже бойынша өтеді.   27 қазанда "Хан шатыр" ойын-сауық орталығында салмақ өлшеу және жеребе тастау рәсімі өтсе, 28-29 қазанда "Барыс-Арена" мұзайдыны сарайында жарыс өтеді.

Біріншіліктің алғашқы күні спортшылар 55, 90, 100 және +100 келіде белдессе, екінші күні 60, 66, 74, 82 және абсолюттік салмақ дәрежесі бойынша мықтылар анықталмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу