Қазақ күресінен тұңғыш рет "Ұстаз барысы" ұйымдастырылды

Турнир Түркістан облысында өтті.

Қазақ күресінен тұңғыш рет "Ұстаз барысы" ұйымдастырылды

Қорытынды сайысқа 17 аудан және қалалық іріктеу жарыстарынан 7 салмақ бойынша бірінші орын алған 119 ұстаз қатысты. Нәтижесінде жалпыкомандалық есепте Отырар ауданы көш бастады. Бәйдібек ауданының балуан ұстаздары екінші орынды місе тұтса, Кентау қаласының командасы үздік үштікті қорытындылады. Жүлделі орын алған командаларға медаль мен кубок берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz өңір әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Түйе балуандар" сынында Төреқұлов Асқар (Отырар ауданы) доданың "Түйе балуаны" атанды. Екінші орынға Мақсат Рақышев ие болса, үшінші орын Ербол Әбдіхановқа бұйырды. 3 балуанға да қомақты қаржылай сыйлық табысталды.

Ұстаздар күні мерекесі қарсаңында биыл алғаш рет өткен "Ұстаз барысы" турнирі жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі деп жоспарланып отыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу