Қазақ-қырғыз бекетінде жүк көліктері қаңтарылып тұр

1260

Бұл жолғы кептеліске Қырғызстан тарапы ғана айыпты. 

Қазақ-қырғыз бекетінде жүк көліктері қаңтарылып тұр

Қазақстан мемлекеттік шекара қызметінің түсіндірмесіне қарағанда, бұл жолғы кептеліске Қырғызстан ғана айыпты, деп хабарлайды Atameken Business.

Өйткені осы елдің транспорт және жол министрлігі жаңа талап енгізген: егер ауа температурасы 28 градустан жоғарылайтын болса, онда бекеттен өтетін үлкен көлік ағыны мейлінше азайтылуға тиіс. Ондағы мақсат күнге қызып жатқан магистраль мен тас жолды бүлінуден қорғау. Түнімен жол салқындатылып тұрмақ. Сондықтан кешкі 20:00-ден кешіккен жүк көліктері таңғы 9-ға дейін бекеттен өткізілмейді. Қазақстан тарапынан жіберілген ресми хатқа осындай жауап келіпті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу