Қазақ-қырғыз қатынастарын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше – Жапаров

744

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.  

Қазақ-қырғыз қатынастарын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше – Жапаров

Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Садыр Жапаров қазіргі қазақ-қырғыз қатынастарын, сондай-ақ екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз елінің көшбасшысына ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы тарихи тығыз байланыстардың одан әрі кеңейіп, тереңдей түсетініне сенім білдірді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу