Қазақ, қырғыз, өзбек елдері бірігіп электр стансасын салмақ

891

​Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қаңтарда Бішкек қаласында министр Болат Ақшолақов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраев және Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов "Қамбарата ГЭС-1 құрылысы" жобасын іске асыру жөніндегі жол картасына қол қойған.

Қазақ, қырғыз, өзбек елдері бірігіп электр стансасын салмақ

Жол картасы шеңберінде тараптар жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы уағдаласты және электр станциясын уақытылы пайдалануға беру үшін алдағы қадамдарды белгіледі.

Қазақстанның жобаға қатысуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы мамырда Қырғызстанға ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтар шеңберінде жүзеге асырылады.

Қамбарата ГЭС-1 Қырғызстандағы ең ірі электр станциясы болмақ. 

Бұл Орталық Азия елдерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге және өңірдің сумен қамтамасыз етілуін тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу