Қазақ-қырғыз шекарасы маңында тағы да 500 жүк көлігі жиналып қалды

436

Бұл туралы Қырғыз Республикасы ҰҚМК Шекара қызметі мәлімдеді.

Қазақ-қырғыз шекарасы маңында тағы да 500 жүк көлігі жиналып қалды Фото: vesti.kg

Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасындағы "Ақтілек-автодорожный" өткізу пунктінде жүк көліктері тағы да кептеліп қалды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Қырғызстанның 24.kg ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мекеменің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте Қырғызстаннан Қазақстанға 280 көлік кеткен.

20 қараша күні, сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, "Ақтілек-автодорожный" бақылау-өткізу пункті алдында шекара тексерісінен өту үшін 500 жүк көлігі кезекте тұр.

Ресми деректерге сәйкес, бақылау бекетінде жүк көліктерінің жиналуы маусымдық жағдай болып табылады. Оған Қырғызстаннан ауыл шаруашылығы өнімдері, халық тұтынатын тауарлар экспортының артуы себеп. Бұл ретте жануарлар мен тез бұзылатын өнімдері бар жүк көліктері бақылау-өткізу бекетінен кезексіз өтіп жатыр.

"Сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстаның шекара қызметі тарапынан жүк көліктеріне ешқандай шектеу қойылған жоқ. Қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасының барлық өткізу пункті қалыпты режимде жұмыс істеп тұр", -делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу