Қазақ-қырғыз шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді

83

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-батысында, Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 3,9, энергетикалық класы – 9.

Қазақ-қырғыз шекарасы маңында жер сілкінісі тіркелді Фото: antiplagiat-killer.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін 2026 жылғы 30 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:54-те тіркеген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Жан-Бұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым, Достық ауылынан шығысқа қарай 7 шақырым және Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны: Жан-Бұлақ, Достық, Ақ-Талаа ауылдарында шамамен 3,5 балл, Таш-Бұлақ, Құланақ, Мин-Бұлақ, Емгек-Талаа ауылдарында – 3 балл, ал Нарын қаласында 2,5 баллды құрады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу