2023 жылғы 27 мамырда ҰҚК Шекара қызметі есірткі заттарын ірі көлемде өткізудің екі әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz Шекара қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Жамбыл облысының "Ауқатты" өткізу пунктінде көлігінің арнайы әзірленген құпия жеріне жасырып 62,2 келі қатты әсер ететін есірткі заттарын (апиын – шамамен 24 кг, гашиш – 38,2 кг) Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған шетел азаматы ұсталды.
Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан облысының "Қарақоға" өткізу пунктінде Қазақстаннан Ресейге 62,4 келі кептірілген марихуананы өткізу әрекеті кезінде Қазақстан азаматы ұсталды.
"Аталған фактілер бойынша құзырлы органдар сотқа дейінгі тергеулерді бастады",-делінген хабарламада.