Қазақ-қырғыз шекарасында санитарлық бақылау жойылады

1069

Қазақ-қырғыз шекарасында санитарлық бақылау жойылады

Еліміз 26 қазаннан бастап Қырғызстанмен шекарадағы фитосанитарлық бақылауды алып тастайды. Бұл туралы ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция директорының орынбасары Амангелді Исаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Оның айтуынша, бұл шешімді 27 қазанда Минскіде өтетін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшыларының отырысына орайластырып отыр. Жиында бұл мәселе қозғалған жағдайда, санитарлық режим 26 қазанда алып тасталынды деуге толық негіз болмақ.

ЕАЭО шартына сәйкес, Қырғызстан одаққа мүше болғаннан кейін, Қазақстан ветеринарлық және фитосанитарлық норманы алып тастау керек еді. Бірақ бұл шешім ұзаққа созылып кетті. Ал біздің тарапамыздан мұндай кешігудің себебі – бәсекелестікті сақтай отырып, өз нарығымызды қорғау деп түсінуге болады.

Ал, 2016 жылдың 4 қазанында Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) коллегиясында Қазақстан үкіметіне қырғыз-қазақ шекарасындағы фитосанитарлық бақылауды күнтізбелік 10 күн ішінде алып тастау туралы ұсыныс айтылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу