Қырғыз-қазақ шекарасында тағы көлік кептелісі пайда болды, деп хабарлайды Atameken Business.
Көршілеріміз мәселе қазақстандық тарап мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктердің қозғалысын қосымша тексеруді енгізгеннен кейін туындап отырғанын мәлімдеді. Қырғыз үкіметі осы арқылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ талаптарын бұзды деп айыптап отыр. Айлайда, біздің биліктің уәжі басқа. Соңғы бір жылда ғана қырғыз азаматтары тарапынан транзиттік тауар тасымалдау талаптарын бұзудың үш жарым мың фактісі әшкере болған. Кесірінен мемлекетке келтірілген залал көлемі 1 млрд теңгеге жуықтапты.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу