Қазақ-қырғыз шекарасында темекінің ірі партиясы тәркіленді

511

Тауар кұны шамамен 5 400 000 теңгені кұрайды.

Қазақ-қырғыз шекарасында темекінің ірі партиясы тәркіленді Фото: ҚР ҰҚК

2023 жылғы 14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының "Сыпатай батыр" өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімдерінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 400 000 теңгені кұрайды.

Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

Сонымен катар, 2023 жылғы сәуір айының 14-і мен 17-сі күндері Шекара қызметі Жамбыл облысының "Ақсу" және "Кеңес" шекара бөлімшелерінің учаскелерінде Мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды.

Ұсталғандарға катысты тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу