Шекара бекетіндегі тексеру кезінде Қырғызстаннан Қазақстанға келе жатқан азаматтың көлігінен құжатсыз смартфондар табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
ҰҚК шекара қызметі 7 мамырда Жамбыл облысы бойынша департаменті "Қордай" өткізу пунктінде Қазақстанға келе жатқан ҚР азаматы тізгіндеген жолаушылар микроавтобусын тоқтатты.
Автокөлікті тексеру барысында құпия орында жасырылған ілеспе құжаттары жоқ 220 смартфон табылды.
Алдын ала мәлімет бойынша тәркілеген мобильдік құрылғылардың бағасы - 50 млн теңге шамасында.
Ұсталған ҚР азаматы мен тәркіленген жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін аймақтық мемлекеттік кірістер департаментіне берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу