Қазақстаннан Қырғызстанға шығатын жолда жүк машиналарының кезегі пайда болды. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz 24.kg порталына сілтеме жасап.
27 шілдеден бастап "Ақ-тілек-автодорожный", "Чон-Капка-автодорожный", "Чалдыбар-автодорожный", "Ақ-Жол-автодорожный" бақылау-өткізу бекеттерінде Қырғызстан Мемлекеттік салық қызметінің "Жиынтық пост" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің жұмысында белгісіз себептерге байланысты ақау шықты.
Салдарынан Қырғызстанға кірер жолда Қазақстан аумағында жүк көлік құралдарының кептелісі пайда болды.
Қырғызстан МКҚК Шекара қызметінің сыртқы көші-қонды есепке алудың бірыңғай жүйесі штаттық режимде жұмыс істейтіні туралы айтылған.
Жүргізушілер және жүк тасымалдаушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.