"Қазақ-қырғыз шекарасының Ақ-Тілек-автожол өткізу бекетінде автокөліктердің шағын кептелісі байқалады. Мемлекеттік шекараны өту кезегінде 119 ауыр жүк көлігі тұр",–деп хабарлады көрші елдің ведомствосынан.
Қырғыз шекарашылары келтірген мәліметке сәйкес, қазақ-қырғыз шекарасының учаскесінде жағдай тұрақты. Бақылау-өткізу бекеттері штаттық режимде жұмыс істеп тұр.
"Жоғарыда аталған бақылау-өткізу бекетіндегі ауыр жүк көліктерінің жиналып қалуы циклді сипатқа ие. Ауыр жүк көліктерінің көбеюіне байланысты, сондай-ақ базарлардың жұмысы қызған кезде осындай байқалады. Қырғыз тарапынан ауыр жүк көліктерінің өтуіне ешқандай шектеу жоқ",– делінген хабарламада.
Жеңіл көліктер мен жолаушылар мінген көліктер шекарадан шектеусіз өтіп жатыр. Қазақ-қырғыз шекарасының басқа бақылау-өткізу бекеттерінде автокөліктердің жиналып қалу жағдайы тіркелмеген.