Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі әлі сейілген жоқ

857

Қазіргі уақытта шекарада 250-ден астам жүк көлігі жиналып қалған.  

Қазақ-қырғыз шекарасындағы көлік кептелісі әлі сейілген жоқ

Қырғыз тарапы қазақстандық тараптың қазақ-қырғыз шекарасындағы жүк өткізу тәртібін күшейтуі  Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) құқықтық нормаларына сай емес деп есептейді. Бұл туралы көрші ел министрлігінің сайтында мәлімделді, деп хабарлайды Интерфакс – Қазақстан.

Хабарламада айтылғандай, 19 наурыздан бастап мемлекеттік шекараның қырғыз-қазақстандық  учаскесінде халық тұтынатын тауарлар тиелген көлік құралдарына бақылау күшейтіліп, әрбір тасымал құралы мұқият тексеріліп жатыр. Осыған байланысты, қазақстандық шекараны кесіп өту уақыты  айтарлықтай ұзарған. Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында 250-ден астам жүк  көлігі жиналып қалған.  

"Қырғызстан қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық тарап жүргізіп отырған қосымша бақылаушаралары Одақтың бірыңғай нарығы қызметінің негізі қағидаты –тауарлардың жылжу еркіндігін  шектейді деп санайды", – делінген хабарламада. 

Онда Қазақстан Қаржы министрлігі мен Мемлекеттік кіріс комитеті Қырғызстанмен шекарада CMR (халықаралық тауар-көлік жүкқұжатын), ТКН (тауар-көлік жүкқұжатын), инвойс  немесе шот  фактурасын, көлік құралының техникалық паспортын және шекарадан өткені туралы талонын тексеру және сканерлеу жүзеге асырылады деп дерек келтірген. 

"Мұндай әрекеттер жасырын кедендік бақылауды жүзеге асыру болып табылады және  ЕАЭО  туралы шарттың 25 бабының ережелерін бұзады. Бұл ереже бойынша Кеден одағына  мүше мемлекеттердің арасында кедендік декларациялау мен мемлекеттік бақылау жүргізбей, тауарларды еркін өткізу жүзеге асырылуы керек", – деп мәлімдеді  Қырғыз Республикасының  Экономика  министрлігі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу