Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай әскери жасағы жаңа қалашыққа көшті

1311

Қазақ-қырғыз шекарасындағы Қордай әскери жасағы жаңа қалашыққа көшті

Жамбыл облысында Қордай шекара жасағының жаңа әскери қалашығы ашылды. Кешен аумағында 40-қа жуық қызметтік ғимарат пен 300-ден астам әскери қызметшіге арналған баспана орналасқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараны күзететін Қордай шекара жасағы бүгін қоныс тойын тойлап жатыр. Салтанатты шараға ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті және шекара қызметінің басшылығы, сондай-ақ аттас елдімекен мен Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдері қатысты. Шара барысында Қордай шекара жасағының басшысына өзіне сеніп тапсырылған құрылымның символдық кілті табыс етілді.

ҚР ҰҚК шекара қызметінен мәлім еткендей, құрылысы үш жылға созылған Қордай шекара жасағының жаңа әскери қалашығында 40-қа жуық қызметтік ғимарат бар. Атап айтқанда, асханалар, казармалар, қоймалар, кино көруге арналған 350 орындық үлкен акт залы, шекара отрядының Жауынгерлік Даңқ мұражайы, кітапхана, психологиялық жеңілдеу бөлмелері, сондай-ақ түрлі жарыстар мен үйірмелер өткізуге арналған жеке спорттық кешен әскерилердің игіліне берілді. Мұнда шекарашылардың әлеуметтік жағдайына, ел шебінде адал қызмет атқаруына барлық жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу