Қазақ-қырғыз шекарасындағы өкілдердің қызмет учаскелері айқындалды

519

Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы (карта 1:200 000) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.    

Қазақ-қырғыз шекарасындағы өкілдердің қызмет учаскелері айқындалды Фото: inform.kz

Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау.

Құжат екі ел арасындағы қатынастардың құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған. Сонымен қатар Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелерін айқындауды көздейді. Бұл еліміздің мемлекеттік шекарасының белгіленген режимін қолдауға ықпал етеді.

"Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі мынадай учаскелерді айқындады. Қазақстан Республикасының тарапынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері. Қырғыз Республикасының тарапынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері. Хаттаманың ратификациялануы және күшіне енуі қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында екі ел арасындағы қарым-қатынасты реттеу үшін өзара құқықтық негізді орнатуға септігін тигізеді. Екіншіден, теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Үшіншіден, республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражылық шығынды талап етпейді", - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу