Қазақ-Қытай астық тасымалдау желісі ресми тұтасты

1017

Қазақ-Қытай астық тасымалдау желісі ресми тұтасты

"Қазақстан Республикасынан келген 720 тонна астық тиелген жүк пойызы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Лиян Юун Гуан тасымал орта жолда алмастыру бекетіне жетті. Бұл Қазақ – Қытай астық тасымал арнасының ресми тұтасқандығын білдіреді", – деп жазды Қытайдың Тәңіртау торабы.

Бұл жаңалық осыған дейін Аустралиядан бидай тасып, елдің астыққа деген ішкі сұранысын қанағаттандырып келген қытайлықтарға үлкен олжа болғаны көрініп тұр.

"Қытай шекарасына кірген Қазақстан бидайының әр тоннасының бағасы өзімен ұқсас Аустралия бидайынан 45 долларға арзан. Оның үстіне Аустралия бидайын Оңтүстік-шығыс Азияға тасымалдауға 30 күн уақыт кетеді. Ал Қазақстан бидайы теміржол арқылы шекарадан өтіп, Оңтүстік-шығыс Азияға тек 20 күнде жетіп баратындықтан тауар тасымалдау уақытынан ұтуға болады. Сондай-ақ, Қазақстаннан келген пойыз қайтарында Орталық Азия мен Орталық Еуропаға жеткізілетін жүктерді алып қайтады", – делінген тораб жазбасында.

Демек, енді қытайлықтардың Қазақстан астығына деген аңсары ауа түспек. Бұл отандық шаруалардың жұмысына қан жүгіртеді деген болжам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу