Қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылады

265

Онда көпфукционалды зал, коворкинг орталық, экспозициялық мультимедиялық алаңша мен туристік бұрыш болады. 

Қазақ-қытай мәдени орталықтары ашылады Фото: gov.kz

Бүгін Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы мәдени орталықтарды өзара құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын қолдады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мемлекет басшысының Қытай Халық Республикасымен достық пен әріптестікке негізделген саясатының аясында қазір бірқатар үлкен бастамалар көтеріліп отыр. Соның бірі - Астана мен Пекинде өзара Мәдени орталықтар ашу туралы шешім. 

"Осы орайда Қазақстанның Қытайдағы мәдени орталығы тарихымызда алғаш рет ұлтымызды аспан асты еліне кеңінен танытудың, екі ел арасындағы рухани байланысты жаңа деңгейге көтерудің, өзара халықаралық мәдени-гуманитарлық жобаларды іске асырудың ірі әрі толыққанды ошағына айналдыру көзделіп отыр", — деді Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаева. 

Қазіргі таңда біздің министрлік тарапынан бұл Орталықтың концепциясы жасалып, мазмұны айқындалған. Атап айтқанда ол жерде:

- кино көрсетілімдері мен концерттік қойылымдарға арналған көпфункционалды зал;

- білім беру курстары, тренингтер, шығармашылық кездесулер өткізетін арнайы кеңістігі бар коворкинг орталығы;

- көрмелер өткізуге қолайлы экспозициялық мультимедиялық алаңша;

- еліміздің туристік әлеуетін көрсететін арнайы туризм бұрышы орналасатын болады.

Келісімге сәйкес екі мемлекеттің мәдени орталықтары — жіберуші Тарап аккредиттеген және консулдық орналасқан мемлекетінің заңнамасына сәйкес жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар. 

Өз қызметін жүзеге асыру кезінде Тараптардың бірі мәдени орталықтарға еркін баруды және мәдени орталық ғимаратының ішінде және сыртында өткізілетін іс-шараларға қатысуды қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу