Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы 1-3 қазанда Қытайда мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы "Нұр жолы", "Достық-авто" және "Бақты" өткізу пункттері жабылады.
"Сондай-ақ 3-4 қазанда да Қытай тарапы дезинфекциялық құрылғыларды қысқы маусымға дайындауға байланысты "Бақты" өткізу пункті жабық болады", – деп жазылған хабарламада.
Шекараны кесіп өтуге ынталы тасымалдаушылар өз бағытын алдын ала жоспарлауы керек.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        