Қазақ қызы алғаш рет Эверест шыңын бағындырды

484

Альпинисттер Анар Бурашева мен Мақсат Жұмаев бар "Kazakh Everest Team" қазақстандық команда әлемнің ең биік шыңы – Эверест шыңына (8 848 м) сәтті көтерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақ қызы алғаш рет Эверест шыңын бағындырды Фото: Kazakh Everest Team

Бұл туралы  "Kazakh Everest Team" баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін, 12 сәуірде Анар мен Мақсұт IV Лагерьде (8 000 м.) күрделі көтерілуден кейін төмен түсу үшін күш-қуатын қалпына келтіріп жатыр. Альпинистердің жағдайы қанағаттанарлық, бірақ күші сарқылып, базалық лагерьге түсу үшін біраз жинақталуы керек болып тұр", - деп атап өтті "Kazakh Everest Team".

Жеті альпинист сапында Анар жалғыз әйел болды. Экспедицияны жер шарындағы 8 мың метр биіктегі барлық 14 шыңды бағындырған атақты альпинист Мақсұт Жұмаев басқарды. 

"8 000 метрден жоғары биіктіктегі дауыл мен боран түріндегі күрделі ауа райы жағдайларына байланысты шыңды бағындыруға ниеттенген экспедициялардың көпшілігі бағытынан кері қайтты, тек бес елдің альпинистері Эверестке сәтті көтеріле алды. Олардың арасында біздің отандастарымыз бар – тарихта әлемнің ең биік шыңына шыққан тұңғыш қазақ қызы Анар Бурашева және еңбегі сіңген қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев, бұл оның Эверест шыңына осымен үшінші рет шығуы", - "Kazakh Everest Team" баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қазақстандық Мақсұт Жұмаев Эверестті екі рет бағындырған

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу