Қазақ қызы Францияда қала әкімдігінде басшылық қызметке сайланды

1541

Ол қыз Зуқа батырдың шөбересі.

Қазақ қызы Францияда қала әкімдігінде басшылық қызметке сайланды

Франция елінің Крей қаласы әкімінің орынбасары болып қазақ қызы сайланды. Кznews.kz мәліметінше, Крей қаласы басшылығынан лауазымды қызмет алған қазақ қыздың есімі – Иесим Махмұтқызы.

"Бұл қыз атақты Зуқа батырдың шөбересі, кезінде Зуқа батыр, Оспан батырлар бастаған Қазақтар Қытай фашистерімен соғысып, ақыры Тибет Гималай асып, Кашмир, Үндістан, Пәкістанды басып, Түркияға жеткен еді. Олардың ішінде Зуқа батырдың ұрпақтары болды, олар бұл күнде Еуропаның біраз мемлекетінде тұрады. Бүгінгі Ла Крей қаласының орынбасар әкімі болған қарындасымыздың есімі – Иесим Махмұтқызы, ол Францияда тұратын Зуқа батырдың немересі Махмұт Савашұлы ағамыздың қызы", – деп мәлім етті ақпараттық портал.

Айта кетсек, Крейл – Францияның солтүстігіндегі қала.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу