Қазақ қызы Германияда өткен беделді өнер додасында алтын медаль жеңіп алды

424

800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. 

Қазақ қызы Германияда өткен беделді өнер додасында алтын медаль жеңіп алды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Роза Бағланова атындағы "Қазақконцерт" мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы "Гүлдер" ансамблінің әртісі Аққанат Смағұлова 2024 жылдың 20 ақпанында Германияда өткен "TANZOLYMP" беделді халықаралық хореографиялық байқауының алтын медаліне ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өнер додасында Аққанат Анвара Садықова қойған "Аққу" және Алмат Шамшиев қойған "Ерке бала" атты екі би нөмірін ұсынды.

800-ден астам өнерпаз бақ сынаған байқауда 34 қатысушы іріктеуден өтіп, Гала-концертте өнер көрсетті. Айта кету керек, Аққанат - Гала-концертте "Халық биі" номинациясы бойынша өнер көрсетуге мүмкіндік алған жалғыз өнерпаз.

"TANZOLYMP" фестиваль-байқауы жыл сайын өткізілетін беделді хореографиялық байқаулардың бірі. Байқау бағдарламасын мәдениет және өнер қайраткерлері мен кәсіби би оқытушылары бағалайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу