Монғолиялық қазақ қызының фотосуреті National Geographic Travel Photographer of the Year байқауы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Baq.kz.
Бұл суреттің авторы Швейцария фотографы Алессандре Меникози. Фото 2018 жылдың басында Батыс Моңғолияда түсірілген. Фотосуретте кесемен шәй ішіп отырған Дәмелі есімді этникалық қазақ қызы бейнеленген.
"Қазақ мәдениетінде шәй қонақжайлылықтың ең маңызды айқындауышы. Бұл жай сусын ғана емес, дәстүрдің, мәдениеттің, демалыс рәсімдердің, ләззаттың қоспасы. Дәмелі Батыс Моңғолиядағы суықтан жылыну үшін ауыр аң терісінен жасалған киіммен шай ішіп отыр", - деп жазды фото авторы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу