Фестивальдің концерттік бағдарламасы аясында Жамбыл облыстық Кенен Әзірбаев атындағы филармонияның әртістері ұлттық дәстүрге негізделген ән мен би өнерін ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сонымен қатар қазақ шеберлері дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнер туындыларын таныстырған қазақстандық экспозиция ұйымдастырылды. Көрме қонақтары ұлттық нақыштағы бұйымдармен танысып, дәстүрлі өнердің ерекшеліктерін тамашалау мүмкіндігіне ие болды.
Фестивальге келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен жақынырақ танысып, ұлттық мәдениеттің мазмұны мен мәнін тереңірек сезінді.
Аталған мәдени іс-шара халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға және шығармашылық өзара іс-қимылды кеңейтуге ықпал етті.
Халықаралық қолөнер фестивалі әлем елдерінің мәдениетін, дәстүрлі қолөнері мен өнерін таныстыру мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын ауқымды іс-шара. Жәрмеңкеге бір миллионнан астам келуші қатысып, ерекше қолөнер бұйымдарымен, халық билерімен және түрлі мәдени бағдарламалармен танысады.