Қазақ-малай бірлескен кәсіпорны құрылды

1184

Кәсіпорында мотор, генератор мен сорғы өндіріледі.  

Қазақ-малай бірлескен кәсіпорны құрылды

Атырауда қазақ-малай кәсіпкерлері Alshin Elektro Serve бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

"Малайзиялық Elektro Serve (M) Sdn Bhd компаниясы мен қазақстандық Alshin-West ЖШС Атырау қаласында Alshin Elektro Serve бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Жаңа кәсіпорын жоғары вольтты қозғалтқыштарды, генераторларды, компрессорларды, сорғылар мен турбомашиналарды жөндейді және оларға қызмет көрсетеді", - деп жазылды хабарламада.

Малайзиялық компанияның бас техникалық директоры Кирк Жан Белян жаңа кәсіпорын қандай өнімдер шығаратынын айтты.

"Басты мақсатымыз – сапалы қызмет көрсету. Алдымен мұнай саласындағы ірі кәсіпорындарға қызмет көретеміз. Кейін мотор және генераторлар мен сорғыларды шығаруды жоспарлап отырмыз. Біз қызмет көрсететін мұнай компаниялары мұнда көп. Болашақта Ресей нарығына кіру жоспарда бар", - деді басшы.

Қанат Махамбет

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу