Қазақстан мұнайына сұраныс деңгейі түсіп барады. finprom.kz сайтының мәліметінше, экспорт көлемі алғашқы тоқсанында өткен жылмен салыстыра айтқанда, 2 пайызға төмендеп 16 млн тоннаға қысқарған. Атап айтқанда, Жапония қазақ мұнайын пайдалану көлемін 102,5 млн долларға азайтса, Қытай 91 млн, Испания 79,5 млн долларға кеміткен. Бірақ, сұраныс азайғанына қарамастан экспорттан түсетін табыс көлемі өсіп отыр. Бұған қара алтын құнының артуы себеп болған. Бірінші тоқсандағы мұнай мен мұнай өнімдерінің экспортынан ел қазынасына түскен жалпы табыс мқлшері 6 млрд доллардан асқан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 35% жоғары. Өйткені, былтыр мұнайдың барельі орташа есеппен 34 пен 38 долларов арасында сатылған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу