Қазақ музыкасы әлем назарында: Димаш шетелдік тыңдармандар туралы айтты

362

Димаш Құдайберген шетелдік тыңдармандардың қазақ мәдениеті мен ұлттық өнеріне деген қызығушылығы айтарлықтай артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.    

Қазақ музыкасы әлем назарында: Димаш шетелдік тыңдармандар туралы айтты Фото: dimashnews.com

Әнші бұл туралы Astana Finance Days аясындағы панельдік сессияда айтып, халықаралық сахнада қазақ музыкасын насихаттауға ерекше мән беретінін жеткізді.

Димаштың сөзінше, оның концерттерінде өнер көрсететін музыканттар қазақтың домбыра, қобыз секілді ұлттық аспаптарын шетелдік көрерменге таныстырып жүр. Әр елдегі гастрольдер барысында көрермендердің ұлттық музыка мен аспаптарға ерекше ықылас білдіретінін байқаған.

"Біз өнер көрсеткен елдердің көрермендері қазақ мәдениетіндегі жаңалықтарға қызығушылықпен қарайды. Кейбір шетелдік тыңдармандар Қазақстанның тарихын өздері зерттеп, қазақ тілін үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнауға қызығушылық танытып жүр", — деді Димаш.

Әнші алдағы уақытта қазақ музыкасы мен ұлттық аспаптарын әлемге кеңінен таныстыру бағытындағы жұмыстарын күшейткісі келетінін айтты.

Оның айтуынша, продюсерлік салаға бет бұруының негізгі себептерінің бірі де – қазақ өнерін халықаралық деңгейде кеңінен насихаттау.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу