Қазақ офицері Конгодағы бітімгерлік миссиясына қатысады

341

Қазақстан Қарулы күштерінің офицері алғаш рет БҰҰ-ның Конгодағы бітімгерлік миссиясына қатысады.

Қазақ офицері Конгодағы бітімгерлік миссиясына қатысады Фото: Қорғаныс министрлігі

Майор Батыр Тұяқов әскери бақылаушы ретінде Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі БҰҰ миссиясына жіберілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, әскери қызметші 2008 жылдан бастап ҚР Қарулы күштерінде қызмет етіп келеді. БҰҰ әскери бақылаушылар курсын үздік бітірген, ағылшын және француз тілдерін жетік меңгерген. 2020-2021 жылдары ол БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштер штабының өзара іс-қимыл бөлімінің офицері ретінде бітімгерлік миссиясына қатысқан.

Бір жыл ішінде майор Б. Тұяқов Конго Демократиялық Республикасындағы БҰҰ-ның тұрақтандыру миссиясында әскери бақылаушы қызметін атқаратын болады.

Осылайша Парламент қолдаған Президенттің Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысуын кеңейту жөніндегі үндеуі орындалуда.

БҰҰ-ның Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру миссиясы 2010 жылы бейбіт тұрғындарды, гуманитарлық қызметкерлерді қорғау және бейбітшілікті нығайту мақсатында құрылғанын естеріңізге саламыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу