Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләл 1,5 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Оның айтуынша, театр директоры балаларға арналған жаңа жылдық қойылым үшін театр базасын жалға алғысы келген заңды тұлғадан 1,5 миллион теңге пара алған. Театр директоры кінәсін толық мойындаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу