Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама мен әкімшілік іс материалдарын қарау мерзімі университеттің өтініші бойынша екі мәрте ұзартылған.
Университеттің заңды өкілі істің қаралатын орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілді. Заңды өкілдің келмеуіне байланысты істі заңды тұлғаның қатысуынсыз қарау туралы шешім қабылданды.
Тексеріс қорытындысы бойынша осы қаулы күшіне енген сәттен бастап аталған оқу орнына қатысты 1 ай мерзімге жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша лицензиясын тоқтата отырып, әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды.
Заңды тұлғаға аталған ескертулерді жоюға 1 ай беріледі. Бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, аталған оқу орнын лицензиядан айыру үшін материалдар сотқа жіберілетін болады.