Қазақ-өзбек көлік байланысы жақсара түспек

288

Бұл екі елдің аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемінің артуына септігін тигізеді.

Қазақ-өзбек көлік байланысы жақсара түспек Фото: golos-naroda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанмен арадағы көлік-логистика ынтымақтастығына тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Тағы бір өте маңызды бағыт – көлік-логистика саласы. Біз халықаралық көлік дәліздерінің бәсекеге қабілетін арттыру қажеттігін атап өттік. Ол үшін өз арамыздағы және үшінші мемлекеттермен арадағы көлік байланысын жақсарта түсуіміз қажет. Сонда елдеріміздің аумағы арқылы тасымалданатын жүк көлемі ұлғая түседі. Транскаспий бағытын және Солтүстік-оңтүстік дәлізін тиімді пайдалану жайын талқыладық. Сондай-ақ Ауғанстан арқылы өтетін темір жол құрылысы аясында бірлескен жобаларды іске асыру туралы да пікір алмастық. Шекарада жаңа өткізу бекеттерін ашу мәселесін пысықтадық", - деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев осы бағыттағы ықпалдастық өзара сауда-саттыққа тың серпін беретінін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу