Қазақ-өзбек шекарасында 1,3 млн долларды заңсыз өткізбек болған адам ұсталды

188

Құқық қорғаушылар жедел түрде оның үйіне де тінту жүргізіп, тағы да 399 мың доллар табылған.  

Қазақ-өзбек шекарасында 1,3 млн долларды заңсыз өткізбек болған адам ұсталды Фото: tochka.by

Қазақ-өзбек шекарасында 1,3 млн долларды заңсыз алып өтпек болған адам ұсталды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты qazaqstan.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Сарыағаш ауданымен шектесетін Науаи бекетінде болған. Қазақстанға қарай беттеген жеңіл көліктің жүк салғышын тексергенде 874 мың АҚШ доллары шыққан. Құқық қорғаушылар жедел түрде оның үйіне де тінту жүргізіп, тағы да 399 мың доллар табылған.

47 жастағы тұрғынның сөзінше, бұл қаржыны да болашақта Қазақстанға алып өтуге дайындап қойған.

Алдын ала болжамға сай, ірі көлемдегі ақша Ташкенттің базарларында сауда жасайтын азаматтарға тиесілі болуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу