Iрi партиядағы есiрткi контрабандасы арнасының жолы кесілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҰҚК шекара қызметі есірткінің рекордтық партиясын шекара арқылы алып өтіп бара жатқанда ұстады.
Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар иісшіл итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.
Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы — 775 кг.
Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны — 15 млн АҚШ долларынан асады.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.