Қазақ-Өзбек шекарасында бірнеше шақырымдық кезек пайда болды

621

Күніне 700 көлік өтетін бекеттен қазір 1200 автокөлік шекара асуда.

Қазақ-Өзбек шекарасында бірнеше шақырымдық кезек пайда болды Фото: news24.pro

Қазақ-Өзбек шекарасында бірнеше шақырымдық кезек пайда болды. Жүргізушілер 3-4 тәулік бойы бір орында тұрмыз, деп шағымданып жатыр. Жайшылықта күніне 700 көлік өтетін бекеттен қазір 1200 автокөлік шекара асуда. Мәселені елімізден арзанырық жанармай құйып әкеткісі келетіндер ушықтырып отыр. Ұзын-сонар кептеліс қашан азаяды? 

Жеңіл көлік жүргізушілерінің де жыры бір. 1-2 сағатта өтетін жерде тәуліктеп тұрғандар бар. Ал шекарадағы саудагерлер мен таксистер осы сәтті пайдаланып бағаны аспандатып жіберген.

Жалпы Қазақстан мен Өзбекстан арасында 11 кеден бекеті бар. Оның үшеуі теміржол, қалғаны жеңіл және жүк көліктеріне арналған. Алайда қазір Қапланбек өткізу пункті жабық. Тағы 3 бекет арқылы жеке тұлғалар мен жеңіл көліктердің өтуіне тыйым салынған. Тек жүк көкіктеріне рұқсат етілген. Оған құрылыс жұмыстары себеп. Ал өткізу пунктеріндегі модернизация 2024-ші жылдың жазына дейін созылады. Яғни шектеулер де жыл бойы сақталады. 

"Жібек жолы және іргелес тұрған Гешкуприк кеден бекеттерндегі кептелістің негізгі себебі ол біріншіден Гешкуприк кеден бекетіндегі құрылыс нысандарының басталуы. Екінші себеп туристік ағынның өсуі. Тағы Жібек жолыға көршілес басқа кеден бекеттерінің уақытша жабық тұруы. Тағы да бір себептерінің бірі ол Өзбекстан азаматтарының жеңіл көліктерімен жанар-жағармай үшін Қазақстанға шығуы", - деді ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Өзбекстандағы ресми өкілі Ғалымжан Қыстаубаев.

Өзбекстанда АИ-92-нің литрі 5800 сум. Бұл біздің валютамен 235 теңге. Сондықтан Қазақстаннан жанармайды мыңдаған тонналап заңсыз алып өткісі келетіндер бар. Екі ел шекарасында қарашадан бері 10 мың 180 литр жанармай өнімдері тәркіленген. Дизельді көрші елге заңсыз тасымалдаушылардың жолын кесу үшін шекаралық аймақтарда энергетика бекеттері құрылды. Оған қоса, жол бойындағы жанармай құю орындары да тексеріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу