АҚШ-тың Тәжікстандағы елшілігі қазақ-өзбек шекарасында қамалып жатқан 600 тәжік мигрантын елге аман-есен жеткізетінін хабарлады.
"Қазақстанның Жібек Жолы шекара бекетінде Өзбекстаннан келе жатып қамалған еңбек миграттары үйлеріне қайта бастады. Бұл операция Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан Үкіметтерімен келісе отырып жүргізілді. Естеріңізде болса, 3 маусым күні арасында студенттер мен әйел-бала бар 600 тәжік мигранты COVID-19 індетінің кесірінен қазақ-өзбек шекарасында қалып қойған болатын", – деп жазады елшіліктің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу