Қазақ-өзбек шекарасында көліктер кептелісте тұр

1054

Қазақ-өзбек шекарасында көліктер кептелісте тұр

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы көлік кептелісінің себебін ҚР инвестициялар және даму министрлігінің көлік комитеті анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақ-өзбек шекарасындағы бекетте 150-ден астам қазақстандық көлік кептелісте тұр.

Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай: "Қазіргі уақытта "Б.Қонысбаева" өткізу бекетінде 150-ден аса қазақстандық автокөлік жиналып қалды. Өзбекстанға бара жатқан автокөлік саны айтарлықтай артқан, шекарадағы жағдайдың негізгі себебі осы болып отыр", - дейді. 
Оның айтуынша, Қытайдан Өзбекстанға жүк тасымалдайтын қазақстандық көліктердің 40-қа жуығында рұқсат құжаты жоқ. 
"Биылғы жылы үшінші елдерден жүк әкеліп, жеткізуге рұқсат беретін 1200 бланкімен айырбас болды, олардың ішінде 1187-сі қазақстандық тасымалдаушыларға берілген, бірақ тек 498-сі ғана пайдаланылған", - деп толықтырды ол. 
Биылғы жылдың тоғыз айында елімізден Өзбекстанға тасымалданатын жүк көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өскен. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу