Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

428

Бір жүк көлігін ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды. 

Қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері күшейтілген жұмыс режиміне көшті Фото: Otyrar.kz

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Өткізу қабілетін арттыру мақсатында қазақстандық және өзбек кеден органдары келісім бойынша күшейтілген жұмыс режиміне өтті.

Кездесулер өткізіліп, Түркістан облысындағы қазақ-өзбек шекарасында орналасқан барлық өткізу пунктері қаралды. Сондай-ақ, өткізу пунктеріндегі кедендік ресімдеу бизнес-процесстерді оңтайландыру бойынша келісімдер талқыланып, қол жеткізілді.

Соңғы он тәулікте Түркістан облысы бойынша МКД пунктері арқылы өткізілген көлік құралдары келесідей:

  •  "Қазығұрт" өткізу пункті – 2 243 жүк көлік құралы;
  •  "Б. Қонысбаев" өткізу пункті – 4 280 жүк көлік құралы;
  •  "Атамекен" өткізу пункті – 1 796 жүк көлік құралы.

Бір жүк көлігін ресімдеуге орта есеппен 2-3 минут жұмсалды.

"Сонымен қатар, жүру маршрутын тиімді жоспарлау және шекарада тұрып қалуды болдырмау мақсатында, жүргізушілер мен тасымалдаушыларға CarGoRuqsat электронды кезектің автоматтандырылған жүйесі (cgr.qoldau.kz) немесе Түркістан облысы бойынша МКД интернет-ресурсында (trk.kgd.gov.kz) кеден бекеттерінің жүктемесі мен өткізу кезегінің ағымдағы жағдайы туралы мәліметтерді көру мүмкіндігі ұсынылғанын хабарлаймыз", –  деп хабарлады ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу