Қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттері тәуліктік жұмыс режіміне көшті

887

Қазақ-өзбек шекарасындағы кеден бекеттері тәуліктік жұмыс режіміне көшті

Астана қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің кездесуі барысында екі елдің шекаралық ынтымақтастығын кеңейту туралы келісім-шартқа қол қойылды, деп хабарлайды қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс департаменті.

Осы процесс аясында 2006 жылдың 4 қыркүйегінен бастап Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасындағы қазақ-өзбек шекарасындағы өткізу бекеттері туралы хаттамаға өзгеріс пен толықтыру енгізілді.

Нақтырақ айтсақ, "Қапланбек", "Қазығұрт" және "Атамекен" бақылау бекеттері "екі бағыттыдан" "көп бағыттыға", "күндізгі" жұмыс режімінен "тәуліктік" жұмыс режіміне ауысты.

Сонымен қатар жеңілдетілген "Целинный" және "Сырдария" өткізу бекеттері ашылды.

Қазір Астана мен Ташкент арасында қазақ-өзбек шекарасында ашылуы мүмкін қосымша өткізу бекеттерінің құрылысы жайында сұрақтар қаралып жатыр.

Сонымен қатар 2017 жылдың 1 наурызынан бастап премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминмен жиналыс хаттамасы бойынша инвестиция және даму министрлігіне қаржы министрлігі, ұлттық экономика министрлігі, сыртқы істер министрлігі, ОҚО әкімшілігі және ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметімен бірлесіп, қазақ-өзбек шекарасындағы қолданыстағы өткізу бекеттерін жаңарту және жаңғырту жоспары бойынша тиісті жоба әзірлеу міндеттелді. Жобада өткізу бекеттеріне бағытталған автокөлік жолдары мен көпірлерді жөндеу жұмыстары да қарастырылды.

Жобаның тиісті жоспарын инвестиция және даму министрлігі мемлекеттік кіріс комитетімен бірлесіп әзірлеп, мемлекеттік органдармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 5 өткізу бекетіне қайта жөндеу жұмысын жүргізу жоспарланып отыр. Оның ішінде 2018 жылы – 3, 2019 жылы – 2.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу