Қазақ пен қырғыздың жастары Таласты тазалады

749

Жалпы ұзындығы 661 шақырымды құрайтын дарияның 453 шақырымы Қазақстанға тиесілі.

Қазақ пен қырғыздың жастары Таласты тазалады

Жамбыл облысының Қырғызстанмен шектесетін таулы аймағында қос елдің жастары бірлесіп, сенбілік өткізіп жатыр.Олар Талас өзенін тазалауға кіріскен, деп хабарлайды 24.kz.

Жалпы ұзындығы 661 шақырымды құрайтын дарияның 453 шақырымы Қазақстанға тиесілі.

Ерікті жастар екі күн үшінде Таластан Таразға дейінгі аймақты жүріп өтіп, бір тоннадан астам полиэтилен қалдықтарды шығарды. Ескерту тақтайшаларын іліп, көпшілікті табиғатты таза ұстауға шақырды.

"Мұндай игі шара қос ел арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтып, ортақ қазынаны қастерлеуге үйретеді", – дейді акцияға қатысушылар.

Айта кету керек, экологиялық топ шекаралас жатқан Аса, Шу секілді өзендерге де тазарту жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу