Бакуде грэпплингтен өткен әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 2 - орынға ие болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде ҚР грэпплинг қауымдастығының президенті Қанат Алин айтты.
Оның сөзінше, байрақты бәсекеге әлемнің әр қиырынан 900-ге жуық спортшы қатысқан. Тартысты таласта жасындай жарқылдаған отандастарымыз жарыстың алғашқы күнінде 11 - алтын, 15- күміс, 26 – қола, екінші күнінде 16 - алтын, 14 - күміс, 23 - қола медаль жеңіп алған.
"Еліміздің ұлттық құрамасы Әзербайжан астанасында грэпплингтен өткен әлем біріншілігінде барлығы 27 - алтын, 29 - күміс, 49 - қола медальге қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 2 – орынға ие болды", – деді Қанат Алин.
Қанат Махамбет