Қазақ спортшыларын Азия ойындарына алғаш рет кешенді-ғылыми топ бастап барды

805

Топтың құрамында 41 дәрігер, 44 массажист, 1 биомеханик, 5 биохимик, 11 психолог, 2 мануальды терапевт, 16 диетолог болды.

Қазақ спортшыларын Азия ойындарына алғаш рет кешенді-ғылыми топ бастап барды

Күні кеше ғана Индонезияда ұйымдастырлған жазғы Азия ойындарында ұлттық құрама өкілдерінің табысты өнер көрсетуі үшін барлық жағдай жасалды. Бұл ретте, спортшылар алғаш рет кешенді-ғылыми топ мамандарымен қамтылды, деп хабарлайды abctv.kz.

Топтың құрамында 41 дәрігер, 44 массажист, 1 биомеханик, 5 биохимик, 11 психолог, 2 мануальды терапевт, 16 диетолог бар. Олар Азия ойындарына арналған дайындық кезінде спортшыларды қадағалап, көмек көрсетті. Ал құрлықтық дода кезінде 2 психолог, 18 массажист, 18 дәрігер, бас-аяғы 38 адам әр спортшының денсаулығын бақылап отырды.

Еске сала кетейік, XVIII жазғы Азия ойындары18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтті. Сарықұрлық додасына 46 елден 12 127 спортшы қатысты. Олар 56 спорт түрінен 426 медаль жиынтығын сарапқа салды. Оның ішінде олимпиадалық спорт түрі бойынша 363, ал олимпиадалық емес спорт түрі бойынша 99 медальдар жиынтығы өз иелерін тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу