Қазақ телевизиясының ардагері Қайнар Олжай 65 жасқа толды

463

Ол – тәуелсіздік алған кезде, шет елдерден алғаш рет репортаж жасаған журналистердің бірі.

Қазақ телевизиясының ардагері Қайнар Олжай 65 жасқа толды Фото: abai.kz

Қазақ телевизиясының ардагері Қайнар Олжай 65 жасқа толды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Белгілі журналист, жазушы-публицист өзінің еңбек жолын газеттен бастаған. Кейін телевизияның биігіне шыққан тұлға. Тәуелсіздік алған кезде, шет елдерден алғаш рет репортаж жасаған журналистердің бірі.

Қайнар Олжай – көрермен ықыласына бөленген көп хабарлардың да авторы. "Мың бір мақал", "Деген екен", "Солай болған", "Тіл", "Сөзмерген", "Ілік септігі" сынды бағдарламалар әлі ел есінде. "Қазақстан" телерадиокорпорациясында талай жыл түрлі басшылық қызметтерді атқарды. Еңбегі еленіп, ТМД Журналистер Конфедерациясы сыйлығының лауреаты, ел Президенті грантының иегері атанды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу