Қазақ теннисшілері Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

641

Қазақстандықтар Іңкәр Дүйсебай мен Дильназ Машабаева Албания астанасы Тиранада 18 жасқа дейінгілер арасында өткен ITF жарысының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақ теннисшілері Албаниядағы турнирдің чемпионы атанды

Қазақстандық жас спортшылар албаниялық Греси Бахри - македониялық Ива Даневамен шеберлік байқасты. Іңкәр мен Дильназ 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Қазақстандық теннисшілер жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Бұл – І.Дүйсебай мен Д.Машабаеваның спорттық жолдарындағы екінші титулы. Бір жыл бұрын да осы Тирана қаласында үздік шыққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу