Қазақ тілі оқулығындағы сілтемені басқанда құмар ойын сайты ашылған

167

Кітап баспасы оқиғаның мән-жайына түсінік берді. 

Қазақ тілі оқулығындағы сілтемені басқанда құмар ойын сайты ашылған Фото: ult.kz

Елімізде 5-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығына қатысты дау туды. Кітапта букмекерлік кеңсенің сайтына апаратын сілтеме анықталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алғаш болып олқылықты ата-аналардың бірі байқаған. Оның сөзінше, қазақ тіліндегі оқулықта тапсырманың астындағы сілтемені басқан кезде букмекерлік кеңсенің сайты ашылған.

Zhest_kz Telegram арнасының жазуынша, болған оқиғаға қатысты кітапты шығарған баспа пікір білдірді. 

"Сілтемеге басқан кезде Қалқаман Сариннің сайты ашылуы тиіс болатын. Алайда бұл сайтқа кибершабуыл жасалған. Осылайша қаскөйлер басқа  ресурсқа апаратын сілтемені орналастырған. Қазіргі таңда бұл мәселе шешілді және сайт қалыпты жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу