Қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасы әзірленеді

263

Ол үшін Қазақстанда республикалық орфография комиссиясы құрылмақ. 

Қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасы әзірленеді Фото: kazgazeta.kz

Қазақстанда қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасын әзірлеу мақсатында Республикалық орфография комиссиясын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық талқыға ұсынылған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Республикалық орфография комиссиясын құруға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар кіреді. 

"Қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе. Қазақ тілінің орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссияны құру қажет. Бұл міндет Үкіметтің №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын көзделген", – делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу