Қазақ тілін үйреніп жүрген АҚШ-тың жаңа бас консулы Алматыға келді

896

Биыл АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығы атап өтіледі.

Қазақ тілін үйреніп жүрген АҚШ-тың жаңа бас консулы Алматыға келді

АҚШ-тың жаңа бас консулы Кэролайн Сэвидж Алматыға келді, деп хабарлайды Inbusiness.kz АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дипломаттың консулдық округіне Алматы және Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстары кіреді.

"Бұл АҚШ-тың Алматыдағы бас консулы қызметіне кірісуім үлкен мейраммен сәйкес келіп отыр. Биыл Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізгеніне 30 жыл толады. Сондай-ақ біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастың 30 жылдығын атап өтеміз", – деді Сэвидж.

Қазақстанға келмес бұрын Сэвидж қазақ тілін үйрене бастаған. 

"Мен қазақ тілін осы қызметіме кіріспес бұрын үйрене бастағаныма қуаныштымын. Қазақстан халқымен арадағы байланысымызды тереңдету және екі жақты қатынастарды нығайту үшін  қазақ тілін пайдалану мүмкіндігін тағатсыздана күтемін", – деді дипломат.

Сэвидж еңбек жолын 2004 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінде бастады. Ол Бас консул болып тағайындалғанға дейін Мемлекеттік департаменттің Вашингтонда орналасқан шетелдік журналистерге арналған баспасөз орталығының директоры болды. Вашингтонда жұмыс істей жүріп, Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде Ресей және Орталық Азия бойынша директор, Мемлекеттік департаменттің Ресей жөніндегі бөлімінің саяси, әскери және сыртқы мәселелер жөніндегі қызметкері, сондай-ақ Джорджтаун университетінің дипломатияны зерттеу институтында Вирджиния және Дин Раск бағдарламасы бойынша ғылыми қызметкер ретінде жұмыс істеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу