Қазақ тілін жетік меңгерген жапониялықтар көпшілікті тәнті етті

430

Әлеуметтік желіде блогер Қайрат Мұқышевтың V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына турист ретінде келген жапониялықтармен сұхбаты тарады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақ тілін жетік меңгерген жапониялықтар көпшілікті тәнті етті Фото: Бейнежазбадан

Олар қазақ тілінде еркін сұхбат берді. Блогер жәрмеңке аралап жүріп, саудаласып тұрған ер адам мен әйелге қарап, оларды Қытайдан немесе Вьетнамнан келді деп топшылады. Алайда турист өзінің Жапониядан келгенін айтып, блогерді таңғалдырды.

Жапониялық ерлі-зайыптының 10 жыл бұрын біршама уақыт Алматыда тұрғаны белгілі болды. Сол кезде қазақ тілін өздері үйренген.

"Этноауыл ашылғалы осындамыз. Бізге барлығы ұнап жатыр. Осыдан 10 жыл бұрын Алматыда тұрдық, сол кезде аздап қазақ тілін үйрендік. Қазір Жапонияда тұрамыз", – деді келіншек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу